OpenSchool AIТегін бастау

OpenSchool AI туралы

OpenSchool AI негізін қалаушы және CEO — Исламбек Калдыбаев. Astana Hub ұйымдастырған Startup Garage бағдарламасының қатысушысымыз.

Русская версия →

Негізін қалаушы

Исламбек Калдыбаев, OpenSchool AI негізін қалаушы және CEO, Astana Hub стендінде платформа туралы айтып тұр
«Біздің мақсатымыз — жасанды интеллектіні Қазақстанның әрбір мектебіндегі сенімді көмекшіге айналдыру. Әр мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабаққа сенімді әрі сапалы дайындалуына, ал әр оқушының қажетті сәтте тиісті қолдау алуына мүмкіндік жасау. Біз жасанды интеллектінің пайдасы әр сыныпта күн сайын сезіліп, оның қолданылуы адалдық, қауіпсіздік және ұлттық оқу бағдарламасына сәйкестік қағидаттарына негізделгенін қалаймыз.»
Исламбек КалдыбаевOpenSchool AI негізін қалаушы және CEO

Мұғалім қағаз толтырмай, сабақ беруі керек

Қазақстандық мұғалім оқушыларға көрінбейтін жұмыстарға сағаттап уақыт жұмсайды: белгіленген үлгі бойынша ҚМЖ дайындау, оқу бағдарламасындағы кодтары бар оқу мақсаттарын таңдау, үш деңгейлі тапсырмалар құрастыру, тесттер мен есептер әзірлеу. Мұның бәрі маңызды, бірақ мұғалімнің кешкі уақытын және демалысын алады.

OpenSchool AI осы жұмыстарды бірнеше минутта орындауға көмектеседі. Мұғалім сабақтың тақырыбын енгізеді — жасанды интеллект оқу бағдарламасына сәйкес сабақты толық құрастырады. Мұғалім дайын материалды тексеріп, қажетіне қарай түзетеді де, сабағына сенімді түрде кіріседі.

Компания

OpenSchool AI — қазақстандық EdTech-компания («Galam Digital Company» ЖШС). Платформа Қазақстан мектептерінің мұғалімдеріне үлгілік оқу бағдарламасы бойынша сабаққа дайындалуға көмектеседі: КТЖ, ҚМЖ, тесттер, БЖБ және ТЖБ, жұмыс парақтары, презентациялар, электронды журнал.

Біздің ұстанымдарымыз

Қазір біз қай деңгейдеміз?

Пилоттық мектептерде қолданылып келедіЖүздеген мұғалім мен оқушы OpenSchool AI платформасын пайдаланып жүр.
Платформаны үздіксіз жетілдіремізМұғалімдердің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, платформаның мүмкіндіктерін үнемі дамытып келеміз.
Astana Hub — Startup GarageAstana Hub ұйымдастырған Startup Garage бағдарламасының қатысушысымыз.

Тегін бастауБасты бет