ЖАҢАСабақты талдау және журнал ЖИ-мен

Тақырыпты жазыңыз — сабақ дайын

Қызығушылық арттырудан тестке дейін — сабақтың сегіз материалы бір батырмамен, дәл ретімен. Блум таксономиясы бойынша мақсаттар, А/Б/В саралауы, нұсқалы тест. Сабақтан кейін ЖИ нәтижені талдап, журналды өзі толтырады.

Жүктеп алуGoogle PlayЖақындаApp Store
Негізгі тариф тегінКартасызҚазақстан мектептерінде жұмыс істеп жатыр
Сабақ құрастыру
✎Атмосфера қысымы, 9 сынып
Сабақ құрастыру
1Қызығушылықты арттыруСабақтың зацепкасы · 5 мин✓
2Оқыту мақсаттарыБлум таксономиясы бойынша✓
3Қысқамерзімді жоспарҚМЖ үлгісі · кезеңдер мен уақыт✓
4Презентация12 слайд✓
5Жұмыс парағыЖаттығулар мен тапсырмалар✓
6ОйынКвиз · сәйкестендіру✓
7СаралауА · Б · В деңгейлері✓
8Нұсқалы тестА/Б нұсқа · кілтімен✓
2 сағат → 3 мин

Бір сабаққа дайындалу уақыты

20+

Мұғалімге арналған құрал

3

Материалды тексеретін ЖИ-агент

14 күн

Тегін, картаны байланыстырмай

Мұғалімнің толық циклі

Дайындықтан журналға дейін — бір жерде

Бөлек генераторлар жинағы емес. OpenSchool AI сабаққа дайындалуға, оны өткізуге, нәтижесін талдауға және бағаны журналға қоюға көмектеседі.

1Дайындық

Сабақтың басынан аяғына дейін — бір батырма

Бөлек генераторлар емес. Тақырыпты жазасыз — жүйе сабақты ретімен құрастырады: неден бастау, немен түсіндіру, немен бекіту және немен тексеру.

  • Қызығушылықты арттыру — сабақтың басталуы, назарды аударатын сұрақ немесе дерек
  • Блум таксономиясы бойынша мақсаттар — білу, түсіну, қолданудан талдау мен бағалауға дейін
  • ҚМЖ жоспары — кезеңдер, уақыт бөлінісі, мұғалім мен оқушының әрекеті
  • Презентация, жұмыс парағы, ойын — түсіндіруге, жаттығуға және бекітуге
  • Саралау — А, Б, В — үш деңгейге бөлінген тапсырмалар
  • Нұсқалы тест — А/Б нұсқалары, кілтімен, қайталанбайтын сұрақтар
Атмосфера қысымы · 9 сынып45 минут
0–5 минҚызығушылықты арттыру
Зацепка сұрағыСлайд 1–2
5–15 минЖаңа тақырыпты түсіндіру
ПрезентацияБлум: білу, түсіну
15–30 минПрактика
Жұмыс парағыСаралау А/Б/ВБлум: қолдану
30–40 минБекіту
Ойын · квизБлум: талдау
40–45 минТексеру мен рефлексия
Нұсқалы тестКілт
2Талдау

Сабақтан кейін — талдау, болжам емес

Тест пен үй жұмысының нәтижесін ЖИ қарап шығып, қай тақырып игерілмегенін көрсетеді. Сіз «сынып түсінген шығар» деп ойламайсыз — нақты көресіз.

  • Тақырып бойынша меңгеру — қай сұрақта сынып сүрінді
  • Артта қалғандар тізімі — кімге жеке тапсырма керек
  • Келесі сабаққа ұсыныс — нені қайталау, нені әрі қарай жүргізу
Атмосфера қысымы · 9 «Ә»Талдау
Қысымның анықтамасы92%
Биіктікке тәуелділік78%
Барометр есептері54%
Паскаль заңын қолдану31%
ҰсынысПаскаль заңын келесі сабақта 10 минут қайталаңыз — 18 оқушының 12-сі есеп шығаруда қателескен. Дайын жаттығулар топтамасы жасалды.
3Журнал

Журнал өзі толады

ЖИ тексерген жұмыстардың бағасы журналға автоматты түрде түседі. Сізге тек қарап шығып, растау қалады — қағазға көшіру мен қосуды ұмытыңыз.

  • Бағалар автоматты түрде — тексерілген жұмыстан журналға
  • Растау сіздің қолыңызда — келіспесеңіз, өзгертесіз
  • Үлгерім бір көзқараста — тоқсан бойынша динамика мен қауіп аймағы
Журнал · 9 «Ә» · Үй жұмысы4 жаңа
ОқушыБаға
Аманова Дана9ЖИ қойды
Серік Ерасыл7ЖИ қойды
Нұрлан Аружан10ЖИ қойды
Қайрат Әлихан5ЖИ қойды
Екі режим

Мектеп пен жеке режим — бір аккаунтта

Мектепте сабақ беріп, кешке жеке оқушылармен айналысасыз ба? Екінші аккаунт ашудың қажеті жоқ. Режимді бір басумен ауыстырасыз — деректер араласпайды.

  • Мектеп режимі — әкімші берген сыныптар мен пәндер, ортақ журнал, мектеп лицензиясы
  • Жеке режим — өз оқушыларыңыз, өз журналыңыз, өз бағаларыңыз
  • Деректер бөлек сақталады — мектеп бағасы жеке журналға түспейді және керісінше
  • Материалдар ортақ — бір рет жасаған сабағыңызды екі режимде де қолданасыз
Мектеп режиміЖеке режим
◍9 «Ә» сыныпМектеп журналы18 оқушы
◍9 «Б» сыныпМектеп журналы21 оқушы
▤География · 9 сыныпӘкімші берген пәнАшық
Жеке режимге ауысқанда бұл тізім көрінбейді — онда тек өз оқушыларыңыз болады.
Сапа

Материал сізге жеткенге дейін тексеріледі

Бір ЖИ бірінші нұсқаны береді де қоя салады. Бізде әр материалдан үш агент өтеді — сондықтан қолмен түзету әлдеқайда аз.

1-қадам

Жоспарлаушы

Тақырыпты сынып пен пәнге қарай зерттейді, Блум таксономиясы бойынша мақсат қояды және сабақ жоспарын құрады. Әдеттегі ЖИ бұлай терең үңілмейді.

→
2-қадам

Әдіскер

Жоспар бойынша материалдарды жинайды: зацепка, жұмыс парағы, саралау, тест. Әр материал жоспарды жалғастырады, өз бетінше өмір сүрмейді.

→
3-қадам

Бақылаушы

Сабақты тұтас тексереді: тапсырмалар мақсаттарға сай ма, пән мен сынып деңгейі дұрыс па. Сәйкессіздікті қайта құрастыруға жібереді.

Соңғы сөз — сізде. Агенттер мұғалімді алмастырмайды. Олар сізге дайын емес, тексерілген нұсқа жеткізеді — қалғанын өз сыныбыңызды білетін адам ретінде өзіңіз шешесіз.
Құралдар

Толық сабақтан бөлек — 20-дан астам құрал

Бір нәрсе ғана керек болса, оны бөлек ашасыз. Барлығы қазақ тілінде және Қазақстан бағдарламасына негізделген.

◫

Жоспарлау

  • Қысқамерзімді жоспар
  • КТЖ генераторы
  • Сынып жетекшісінің жоспары
  • Оқыту мақсаттары
▣

Әзірлеу

  • Презентация
  • Жұмыс парақтары
  • Ойындар мен карточкалар
  • Көрнекі материалдар
✓

Бағалау

  • Нұсқалы тест
  • Критерийлер мен дескрипторлар
  • Үй жұмысын тексеру
  • Қателерді талдау
▷

Оқыту

  • SabaqLive — онлайн сабақ
  • Тақырыпты түсіндіру
  • Жеке репетитор
  • Үлгерім аналитикасы
Мектептерге

Бүкіл ұжымға — бір панельден

Әкімші мұғалімдерді қосады, пәндерді бөледі және жүктемені көреді. Мұғалімнің тарифі туралы ойлаудың қажеті жоқ — мектеп лицензиясында бәрі ашық.

  • Сілтеме арқылы қосу — мұғалім бір басумен кіреді
  • Ортақ пәндер мен сыныптар — қайта енгізудің керегі жоқ
  • Ұжым бойынша аналитика — кім қандай құралды қолданады
  • Барлық құрал ашық — мұғалімге тариф шектеуі жоқ
Мектеп · мұғалімдер24 белсенді
АТАйгүл Т.Математика · 5–7 сынып38 материал
ЕСЕрасыл С.Информатика · 6–9 сынып27 материал
ДНДана Н.Биология · 8–11 сынып21 материал
МҚМарат Қ.Тарих · 7–9 сынып16 материал
Біз туралы

Мұғалім қағаз толтырмай, сабақ беруі керек

Қазақстандық мұғалім оқушыларға көрінбейтін жұмыстарға сағаттап уақыт жұмсайды: белгіленген үлгі бойынша ҚМЖ дайындау, оқу бағдарламасындағы кодтары бар оқу мақсаттарын таңдау, үш деңгейлі тапсырмалар құрастыру, тесттер мен есептер әзірлеу. Мұның бәрі маңызды, бірақ мұғалімнің кешкі уақытын және демалысын алады.

OpenSchool AI осы жұмыстарды бірнеше минутта орындауға көмектеседі. Мұғалім сабақтың тақырыбын енгізеді — жасанды интеллект оқу бағдарламасына сәйкес сабақты толық құрастырады. Мұғалім дайын материалды тексеріп, қажетіне қарай түзетеді де, сабағына сенімді түрде кіріседі.

Біздің ұстанымдарымыз

  • Жасанды интеллект мұғалімге көмектеседі, оның орнын баспайды — соңғы шешімді әрдайым мұғалім қабылдайды
  • Қазақ және орыс тілдерінде бірдей сапалы жұмыс — қазақ тіліндегі сабақтар сауатты әрі табиғи қазақ тілінде әзірленеді
  • Қазақстанның оқу бағдарламасына сәйкестік — оқу мақсаттары тиісті кодтарымен, ҚМЖ үлгісі, БЖБ және ТЖБ материалдары қолданыстағы нормативтік құжаттар негізінде әзірленеді
  • Оқушылардың дербес деректері қорғалған — оқушылар сынып сілтемесі арқылы электрондық поштасыз және артық деректерді енгізбей тіркеле алады

Қазір біз қай деңгейдеміз?

Пилоттық мектептерде қолданылып келедіЖүздеген мұғалім мен оқушы OpenSchool AI платформасын пайдаланып жүр.
Платформаны үздіксіз жетілдіремізМұғалімдердің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, платформаның мүмкіндіктерін үнемі дамытып келеміз.
Astana Hub — Startup GarageAstana Hub ұйымдастырған Startup Garage бағдарламасының қатысушысымыз.
Исламбек Калдыбаев, OpenSchool AI негізін қалаушы және CEO, Astana Hub стендінде платформа туралы айтып тұрAstana Hub · Startup Garage

«Біздің мақсатымыз — жасанды интеллектіні Қазақстанның әрбір мектебіндегі сенімді көмекшіге айналдыру. Әр мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабаққа сенімді әрі сапалы дайындалуына, ал әр оқушының қажетті сәтте тиісті қолдау алуына мүмкіндік жасау. Біз жасанды интеллектінің пайдасы әр сыныпта күн сайын сезіліп, оның қолданылуы адалдық, қауіпсіздік және ұлттық оқу бағдарламасына сәйкестік қағидаттарына негізделгенін қалаймыз.»

Исламбек КалдыбаевOpenSchool AI негізін қалаушы және CEO

Кешкі уақытыңыз құжатқа емес, өзіңізге қалсын

Бір тақырып жазыңыз — қызығушылық арттырудан нұсқалы тестке дейін толық сабақ құрастырылады. Ертеңгі сабақ бүгін кешке дайын болады, ал уақытыңыз балаларға қалады.

Жүктеп алуGoogle PlayЖақындаApp Store
WhatsApp-тағы мұғалімдер қауымдастығы
Негізгі тариф тегінКартасызКез келген уақытта бас тартасыз